Автожолдардағы қауіпсіздік шаралары көпшілік пікіріне қарай қабылданады

445

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Автожолдардағы қауіпсіздік шаралары көпшілік пікіріне қарай қабылданады

"Халықтың пікірін ескере отырып, жарықтандыру және бағдаршам объектілері, сигналдық бағаналар, шу жолақтары, жарықдиодты және басқа да ескерту жол белгілері орнатылып жатыр. 16 мың шақырымға жуық жол жарықпен қамтылды, 4 мыңнан астам бағдаршам нысаны, 484 мың жол белгісі, 500 жол буфері орнатылды, 5 мың шаршы метрден астам шу жолағы орналастырылды", - деп жазылған Роман Склярдың депутат сауалына жауабында.

Сондай-ақ еліміз бойынша 988 мыңнан астам бейнебақылау камерасы бар, оның 189 мыңы жедел басқару орталықтары мен полицияның кезекші бөлімдеріне шығарылды. Аталған камералар негізінен адамдар көп жиналатын орындарда, жолдарда, тұрғын үй алаптарының аулаларында, неғұрлым криминогенді және т.б. учаскелерде орнатылған.

Бұған дейін Роман Скляр мәлім еткен елдегі жол-көлік апаты туралы статистикалық деректер жарияланған еді.

Сонымен бірге 2025 жылға дейін елдегі нормативтік жағдайдағы жолдар үлесін 100%-ға жеткізу көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу