Аудит деректері бойынша, республикалық маңызы бар жолдардың тек 72%-ы қанағаттанарлық жағдайда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жолдың бұзылуына бірінші кезекте рұқсат етілген массадан асатын, ауыр салмақты көлік құралдарының жүруі әсер етеді. Автоматтандырылған өлшеу стансылары ереже бұзы фактілерін толық көлемде дұрыс рәсімдеп отырған жоқ. Жалпыға ортақ пайдаланатын жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне қатаң тыйым салу керек", – Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.
Бас аудитордың айтуынша, оның үстіне жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуді және сараптама жасауды талап етпейтін орташа жөндеу жобалары жолдардың жай-күйінің нашарлауына ықпал етіп жатыр.
Мемлекеттік бақылау болмағаннан кейін мердігер ұйымдардың өз жұмысын сапасыз орындауына әкеліп отыр.