Өскеменде жергілікті полицияның ондаған қызметкері қоғамды велосипедшілер мәселесіне жұмылдыру мақсатында екі доңғалақты көлікке ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жаз басталғалы қала көшелеріне экологиялық транспорттың әуесқойлары шыға бастайды. Сондықтан, біз детүсіністікпен қарауға шақыру үшін және жол жүру ережелерін бұзбауы үшін қызметкерлерімізді екі дөңгелекті көлікке отырғыздық, – деді ШҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бас инспекторы Ақгүл Атудинова.
Полиция қызметкерлері велосипедпен қалай қозғалу керектігін, бұрылу кезінде қалған жолдағыларға қалай көрсету керектігін, жаяу жүргіншілер жолағынан қалай өту керектігін және тағы басқаларды өздері көрсетті.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары олар 14 жасқа дейінгі балаларға жолға шығуға тыйым салынатындығын, 7 жасқа дейінгі балаларды арнайы жабдықталған орындықпен алып жүру керектігін көпшіліктің есіне салды.