Аталған орталық түрлі тренажер, кітап оқу алаңы, шахмат ойынына арналған үстелдермен жабдықталған, деп жазады inbusiness.kz.
Аягөз ауданындағы 9 мыңға жуық ардагер үшін бұл орталықтың ашылуы үлкен қуаныш. Орталық құрметті еңбек демалысына шыққан барлық еңбек ардагерлерінің басын біріктіретін бірегей ортаға айналмақ. Мұнда ардагерлердің бос уақыттарын тиімді өткізуге мол мүмкіндік жасалған. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де шұғылдана алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу