Тағы, тағы: Аягөз гарнизонында әскери қызметші көз жұмды

234

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. 

Тағы, тағы: Аягөз гарнизонында әскери қызметші көз жұмды Фото: ctc-rk.kz

13 маусым күні, оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетіледі", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу