Аягөз қаласында жарық қалпына келтірілді

162

Электр энергиясын қалпына келтіру жұмысы сәтті аяқталған.

Аягөз қаласында жарық қалпына келтірілді Фото: canva.com

Аягөзде жарық қалпына келтірілді. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты

"Аягөз ауданындағы электр энергиясын қалпына келтіру жұмысы сәтті аяқталды. Қалпына келтіру жұмысына барлығы 40-қа жуық маман, сондай-ақ қажетті техника жұмылдырылды",  делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық ауылдық округтер мен Аягөз қаласы электр энергиясымен толық қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, осыған дейін Аягөзде трансформатор өртеніп, халық жарықсыз қалғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу