Аягөз тұрғыны таксидің қызметіне жалған 20 мың теңгелікпен есеп айырысқан

1220

Аягөз тұрғыны таксидің қызметіне жалған 20 мың теңгелікпен есеп айырысқан

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында полицияға 65 жастағы таксист жүгінген. Ол алаяқтың арбауына түсіп қалғанын хабарлаған. Таксистің кешкі мезгілде темір жол вокзалынан қаланың басқа жеріне белгісіз бір әйелді жеткізіп салғаны анықталды. Ол көлік қызметі үшін 20 мың купюра ұсынған. Қызметіне 500 теңге алған такси жүргізушісі әйелге  19 мың 500 теңге қайтарған. Кейін ол ақшаның жалған екенін байқайды. Жедел іздеу шараларын жүргізген полиция алаяқты анықтап, ұстады. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА  жазып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу