"Аягөз–Бақты" теміржол құрылысының жүзеге асырылу барысы пысықталды

186

Абай облысының әкімі Берік Уәли "Аягөз-Бақты" теміржол құрылысының тапсырыс берушілерімен және мердігерлермен кездесті.    

"Аягөз–Бақты" теміржол құрылысының жүзеге асырылу барысы пысықталды Фото: gov.kz

Жиында жобалар жөніндегі басқарушы директор Илья Мещеряков жоба туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 144 техника мен 398 адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары жалпы ұзындығы 42 шақырым учаскеде жүргізіліп жатыр. 

Құрылыс Абай облысындағы "Семей–Ақтоғай" учаскесіне шығатын "Бақты–Аягөз" теміржол желісінің құрылысын қамтиды. Теміржолдың ұзындығы – 297 шақырым.

Жоба аясында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автокөлік жол көпірі, 5 жаяу жүргінші көпірі, 16 бақылау құрылымы салынады. Бас мердігер – China Harbour Engineering Company Co. Ltd компаниясы. Аймақ басшысы жобаның өңір үшін стратегиялық маңызы жоғары екенін атап өтті.

"Өңірімізде жүзеге асырылып жатқан "Бақты - Аягөз" теміржол желісінің құрылысы – Абай облысы үшін стратегиялық маңызы бар ірі инвестициялық жоба. Оның табысты іске асырылуы өңір экономикасының дамуына тың серпін беріп, 1200 жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді. Көлік-транзиттік кешенді нығайтып, әлеуметтік тұрақтылыққа оң әсерін тигізеді", – деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу