Аягөзде 50 жас отбасы баспаналы болды

1171

Аягөзде 50 жас отбасы баспаналы болды

ШҚО әкімі аягөздік жас отбасыларға баспана кілтін табыс етті, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Аягөздегі бір мезетте 50 жас отбасы баспаналы болды. Жастардың қуанышына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те ортақтасып қайтты. Өз қолымен пәтер кілтін табыс етті.

Мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген отбасылық жатақханың құрылысы өткен жылы басталған еді. Араға салған аз уақытта қаланың жас ұстаздары, дәрігерлері мен мәдениет және спорт саласының қызметкерлері жеке баспаналарына қол жеткізді. Айта кету керек, жалдамалы тұрғын үй бес жылға дейін беріледі. Ал құрылысқа жұмсалған 300 млн теңге жергілікті қазынадан бөлінген.

Сондай-ақ, бұл күні жергілікті әлеуметтік көмек көрсету орталығына облыс әкімі уәде еткен инвокөліктің кілті табыс етілді. Ол үшін жергілікті бюджеттен 10 миллион теңге бөлінген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу