Аягөзде банк қызметкері клиенттерін 35 миллион теңгеге тақырға отырғызған

366

Аягөзде банк қызметкері клиенттерге тауарлық және ақшалай несие беріп, қомақты қаржыны өзінің есепшотына аударған.    

Аягөзде банк қызметкері клиенттерін 35 миллион теңгеге тақырға отырғызған Фото: mail.kz

Сот үкіміне сәйкес, ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Аталған оқиғаның мән-жайы туралы Абай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) өкілдері хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қызметкер онлайн режимінде несие алуға өтініш берген. Қажетті соманы толтырып, ақшаны банктегі шотына аударған. Ал клиенттерге несие беруден бас тартылғанын хабарлаған. Осылайша, ол Аягөз қаласының 29 тұрғынын алдап, жалпы сомасы 35 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген", - деді пробация қызметінің басшысы Ермек Қалиев.

Сот оны ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сотталған әйелдің кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін ескере отырып, үкімнің орындалуы бір жыл алты айға кейінге қалдырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу