Аягөзде ер адам ойын алаңындағы балалардың көзінше шалбарын түсірген

878

Ол 15 тәулікке қамалды.

Аягөзде ер адам ойын алаңындағы балалардың көзінше шалбарын түсірген Фото: life.ru

Аягөз қаласында ойын алаңдарының бірінде әдепсіз әрекет жасаған ер адамға әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облыстық соттары таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға 5 маусым күні күндізгі уақытта болған.

Аягөз қаласының тұрғыны балалар ойын алаңының маңында көлігінің есігін ашып, шалбарын түсіріп, әдепсіз әрекеттер жасаған.

Аталған факті бойынша ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен көзделген "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Ер адамның әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны оның түсініктемелерімен, сондай-ақ куәгердің айғақтарымен және іс бойынша жиналған өзге де дәлелдемелермен толық дәлелденді. Аягөз аудандық соты құқық бұзушылықтың қоғамдық орында жасалғанын, тұлғаның әрекеті әдейі болғанын ескере отырып, аталған баптың санкциясында көзделген ең қатаң әкімшілік жаза түрін қолдану туралы шешім қабылдады.

Сот қаулысымен У.-ға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу