Аягөзде қарғын судан зардап шеккен 13 отбасыға баспана берілді

949

Аягөзде қарғын судан зардап шеккен 13 отбасыға баспана берілді

Аягөзде қарғын судан зардап шеккен 13 отбасыға баспана кілті табысталды, деп хабарлайды egemen.kz.

Қазір Шығыс Қазақстанда көктемгі апаттың салдарын жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, Аягөзде Семей қаласы мен Тарғабатай ауданының 5 құрылыс компаниясы жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін 118 миллионнан астам теңгеге 28 отбасына тұрғын үй сатылып алынғаны хабарланған еді. Бүгін олардың қатары 13-ке толықты.

Бұдан бөлек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және "NFS Kazakhstan" ЖШС қолдауымен 2 жанұя баспаналы болды.

"Биылғы көктем біздің өңір үшін оңай болған жоқ. Тасқыннан 2 қала, 5 аудан, 33 елді мекен зардап шекті. Қазіргі таңда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, қаражат бөлінді. Облыс бойынша 23 құрылыс ұйымы жөндеу-қалпыну келтіру жұмыстарын жүргізуде", - деді салтанатты жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу