Аягөз тұрғындары жылусыз қалды

156

Тұрғындар келеңсіз жайтқа тап болғандарына наразылық білдіруде. 

Аягөз тұрғындары жылусыз қалды Фото: inbusiness.kz

Абай облысының әкімдігі 16 қазан күні жылумен жабдықтау тек 1 сағатқа жүргізілмегенін айтты. Дегенмен бұл уақытта қазандықтар жұмысын тоқтатпаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"16 қазан сағат 15.00-де 159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтаудың авариялық ажырауы болды. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ. Ақау сағат 16.00-де толық жойылды, қазір жылу желілерінің температуралық параметрлері жинақталып жатыр. Жалпы, жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, жылу магистральдық траншеясы толтырылуда. Барлық нысандар толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген", делінген Абай облысы әкімдігінен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу