Аягөзде су тасқыны салдарынан 130-дан астам адам баспанасыз қалды

834

Аягөзде су тасқыны салдарынан 130-дан астам адам баспанасыз қалды

Қызыл жарты ай қоғамы хабарлағандай, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында су тасқыны салдарынан 32 үй қирап, 100-і апаттық жағдайда, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Соңғы деректерге сүйенсек, 159 үй зардап шеккен, оның ішінде 32 үй толығымен қирап қалды, қайта жөндеуге келмейді. 130-дан астам адам баспанасыз қалып, №6 мектеп-интернатқа орналастырылды", — деп хабарлайды ұйым баспасөз қызметі.

Су тасқынынан зардап шеккен Аягөз қаласы тұрғындарына көмек ретінде қаражат салынған арнайы банк карточкалары үлестірілмек. 

"Төтенше жағдайдың ауқымын ескере отырып, көмек карталары механизмі пайдаланылады. Зардап шеккендерге арналған ForteBank карточкалары дайын, оған Болат Өтемұратов қорынан қаражат құйылады", — делінген Қызыл жарты ай қоғамының хабарламасында.

Карточкаларды тарату 16 наурызда басталмақ. Ең бірінші үйлері бұзылып қалған азаматтарға көмек көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу