Аягөзде су тасқынынан бүлінген үйлер жөнделіп жатыр

819

Аягөзде су тасқынынан бүлінген үйлер жөнделіп жатыр

ШҚО Аягөз қаласында тасқын салдарынан бүлінген 143 үйдің 51-і тұруға жарамсыз күйге түскен. Бүгінде 37 отбасы баспаналы болса, тағы 17-сіне республикалық бюджеттен пәтер алу жоспарланған, деп хабарлайды 24.kz.

Ал арнайы комиссия жөндеуге жарамды деп тапқан 92 үйдің жартысынан көбінде жұмыс жүріп жатыр. Бұл үшін Аягөз, Тарбағатай, Семей қаласынан мердігерлер тартылған.

"Қазір 44 адам жұмыс істеп жатыр. 24 үйді алғанбыз. 24-тің 60-70 пайыздық жұмысы бітіп жатыр", - дейді құрылыс компаниясының басшысы Қайрат Айтуғанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу