Аяғы ауыр әйелді пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты

75

Қанды қылмыс 2024 жылдың тамызында Қордай ауданы Масаншы ауылында болған.  

Аяғы ауыр әйелді пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты Фото: ertenmedia.kz

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жүкті әйелін өлтірген ер адамға үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметтері бойынша, отбасылық жанжал кезінде ер адам пышақ ала жүгірген. Әйел сол жерде қайтыс болды.

Прокурорлар ер адамды 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Алайда, сот сотталушының кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескеріп, оны 15 жылға ғана үкімге кесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу