Аяғына пышақ сұққан: Теміртауда автобуста жолаушыны жарақаттаған ер адам қолға түсті

93

Қанды оқиға жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Аяғына пышақ сұққан: Теміртауда автобуста жолаушыны жарақаттаған ер адам қолға түсті Фото: inalmaty.kz

Теміртауда автобуста жолаушыны жарақаттаған ер адам қолға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қоғамдық көлікте екі жолаушы желдеткіш терезені ашу-ашпау туралы келісе алмай, жанжалдасқан. Текетірестің соңы төбелеске ұласқан көрінеді. Артынша ашуға мінген 30 жастағы азамат бозбаланы пышақпен жарақаттаған. Куәгерлер шұғыл түрде полиция мен жедел жәрдем шақырыпты.

Зардап шеккен жас жігітке медициналық көмек көрсетілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өміріне қауіп жоқ.

– Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті мен жәбірленуші арасында қоғамдық көліктің терезесін ашуға байланысты келіспеушілік болып, салдарынан пышақ жарақатын салған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау және толық тергеу әрекетін жүргізуге бағытталған тергеу амалдары жалғасуда", – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу