Аяғынан айырылған экскаваторшы үшін қан тапсыру аптаның аяғына дейін жалғасады

733

Аяғынан айырылған экскаваторшы үшін қан тапсыру аптаның аяғына дейін жалғасады

Ақмолалықтар бір күннің ішінде екі аяғынан айырылған 25 жастағы экскаваторшы Мадияр Төлеубеков үшін 41 литр қан тапсырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық қан орталығы мәлім еткендей, бүгін зардап шегуші Мадияр Төлеубеков үшін 113 адам қан тапсырған. Олардың ішінде 20 адам қажетті көрсеткішке сай келмеген (диета ұстамаған, гемоглобині төмен). Егер әрбір донордан 450 мл қан алынса, зардап шегуші жігітке 41 литрға жуық қан тапсырылған.

"Қанды "Алтынтау Көкшетау" АҚ-ның жүз қызметкері, сондай-ақ Ақмола облыстық ІІД, банктер, ауруханалар, әкімдіктер, спорт мектептерінің өкілдері, сауда үйлерінің қызметкерлері, сондай-ақ жұмыссыздар да тапсырған", - деді облыстық қан орталығында.

Бұдан бөлек, Зеренді ауданында жергілікті әкімдіктің бастамасы бойынша облыстық қан орталығы жылжымалы пунктінің жұмысы ұйымдастырылды. Алғашқылардың бірі болып аудан басшысы Мереке Мұстафин қан тапсырды. Қан орталығы Мадияр үшін қан тапсырудың осы аптаның аяғына дейін жалғасатынын мәлім етті.

Еске салайық, 21 шілде күні таңғы сағат 08:00-дер шамасында "Алтынтау-Көкшетау" ЖШС ашық кенішінде тау жынысын қопарып жатқан экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлаған болатын. Тас ауыр техниканың жүргізушісі отырған кабинасын басып қалады. Сөйтіп, тас құрсауында қалған 1993 жылғы жүргізуші 11 сағатқа жалғасқан құтқару жұмыстарынан соң ғана босатылды. Кейін жедел жәрдем қызметі оның Ақмола облыстық ауруханасына алып кетеді. Ол ұзақ уақыт тас үйіндісінің астында жатқан. Аяғы езілгендіктен бірден ота жасалып, дәрігерлер оның аяғын кесуге мәжбүр болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу