Аяқ киім өндірушілер нарықтың сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр

2120

Қазақстандық компаниялардың шығарған өнімі барлық нарықтың тек 3%-ын ғана құрайды.

Аяқ киім өндірушілер нарықтың сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр

Қазақстандағы аяқ киім өндірісі бір жылда төрт есе қысқарған, ал нарықта импорттық өнім толып тұр. Бұл туралы energyprom.kz сараптамасында айтылған.

Соңғы мәліметтер бойынша қазақстандық компаниялардың шығарған өнімі барлық нарықтың тек 3%-ын ғана құрайды.

Елімізде 8 айда тек 632 мың жұп аяқ киім шығарған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 24,3%-ға аз.   

"Жетісу" АҚ, "Арго" резеңке аяқ киім зауыты, "Дархан-МНМ" ЖШС сынды аяқ киім өндіруде негізгі орында тұрған Алматы компаниялары үш есе кем өнім шығарып отыр. Алматымен салыстырғанда 156 мың жұп аяқ киім шығарған Жамбыл облысы айтарлықтай өсім көрсеткен. Үшінші орында Шымкент қаласы тұр, олар 98 мың жұп аяқ киім өндірген.

Еліміздегі колмпаниялар нарықтың сұранысын мүлдем қамтамасыз ете алмай отыр. Биылғы жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті өндірушілер сұраныстың тек 2,4%-ын ғана қамтамасыз ете алған, ал бәр жыл бұрын 1,9%-ды қамтамасыз еткен.

Шын мәнісінде елдегі аяқ киім нарығын толығымен ипмрот жаулап алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу