Аяқ киімді цифрлық таңбалау құны қанша болмақ?

387

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындады.

Аяқ киімді цифрлық таңбалау құны қанша болмақ? Фото: Онлайн кассы

Тиісті құжат 3 шілдеден бастап қолданысқа енеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бір бірлік үшін 2,68 теңге мөлшерінде айқындалсын", - делінген бұйрықта.

Еске салайық, сәуірден бастап Қазақстанда тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркелмеген аяқ киімді сатуға рұқсат етілген кезең аяқталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу