Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 1 қарашадан енгізіледі

1070

Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілетін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметі.

Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 1 қарашадан енгізіледі

Яғни осы уақыттан бастап таңбаланбаған аяқ киімнің өндірісіне және оның ҚР аумағына әкелінуіне тыйым салынады. Ал бөлшек сауда бизнесінде таңбаланбаған тауарлардың қалдықтарын сату үшін 2022 жылдың 1 қарашасына дейін қосымша мерзім бар.

Жаңа ережелер бойынша жұмыс істеу үшін өндірушілер мен импорттаушылар таңбалау жүйесінде (markirovka.kz) тіркелу керек. Таңбалау кодтарын шығару үшін жүйеге өндірілетін және импортталатын өнім туралы ақпаратты енгізу қажет. Осындай бір кодтың құны 2,68 теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта аяқ киім тауарларының айналымы 96% - импорт, 4% - ішкі өндіріс болып сипатталады. Аяқ киім ішкі нарығының дамуын көлеңкелі айналым айтарлықтай шектейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу