2021 жылдан бастап Қазақстанда таңбаланған аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркелген көлемі 6 еседен астам өсті, деп жазады Inbusiness.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.
“Егер 2021 жылы таңбаланған аяқ киім көлемі 6 768 млн бірлікті құраса, ағымдағы жылдың қазан айында жүйеде 38 770 миллионнан астам аяқ киім коды тіркелген. Бұл қадағалау жүйесімен жұмыс істеудегі бизнестің жоғары белсенділігін және жүйенің негізгі функциясын – көлеңкелі экономикамен күресті көрсетеді. Сондай-ақ, тіркелген тауар айналымына қатысушылардың (ТАҚ) 1,5 есе өскенін атап өткен жөн: егер 2023 жылғы 1 қаңтарда ТТҚ АЖ-да 2 013 ТАҚ тіркелген болса, 2023 жылғы 5 қазанда ТТҚ АЖ-да 3 162 ТАҚ тіркелген”, - делінген хабарламада.
Биылғы шілдеде уәкілетті экономикалық операторлар мен аяқ киім тауарларының ірі импорттаушылары үшін аяқ киім тауарларын қадағалау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Оған аяқ киім тауарларын импорттау саласында жұмыс істейтін 6 компания қатысты.
“Сондай-ақ, аяқ киім тауарларын ЕАЭО елдеріне әкелуді және әкетуді оңайлату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, қазақстандық импорттаушылар мен экспорттаушылар үшін биыл ЕАЭО кодтарын өзара танудың арқасында Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясына аяқ киім бұйымдарын әкелу мен әкету жеңілдетілді”, - деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Айта кетейік, биылғы 1 сәуірден бастап елімізде аяқ киім тауарларын таңбалау ережелері күшіне енген болатын.