"Аяқ-киімін сүртіп, нәпақасын тапты": Гүлзира Айдарбекова соққыға жығылған Қайраттың досына қатысты пікір білдірді

1057

Продюсер ұлының басына осындай іс түскенде қолдаған оқырмандарына ризашылығын білдірді. 

"Аяқ-киімін сүртіп, нәпақасын тапты": Гүлзира Айдарбекова соққыға жығылған Қайраттың досына қатысты пікір білдірді Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

15 тәулікке қамауға алынған Қайрат Нұртасқа қатысты жағдай әлі де ел ішінде қызу талқылануда. Әншінің анасы ұлының "досынан" мұндай әрекетті күтпегенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

“Ойламаған жерден артынан келіп, құлақ шекесінен бір ұрған. Сол кезде Қайрат атып тұрып бетінен ұрған кезде көзі көгерген. Ол жігіт бірден барып тексерілуден өтіп анықтама алып алған. Қайрат бір жағы ісіп кетсе де, қазақылыққа салынып "өзіміз" деп қоя салған. Еш арамдық ойламаған ғой, танысы болған соң. Артынан зыр жүгіріп аяқ-киіміне дейін сүртіп кигізіп, Қайраттан нәпақасын тауып, ары-бері тасып жүретін еді. Үйге еркін кіріп, шай-тамағымызды өз үйінде жүргендей бірге ішіп-жеген күндері де болды. Біледі ғой ел шулап кететінін. Әдейі жасап отыр. Масқарасын шығарамын, кешірім сұрап, ақша ұсынады деп ойлады”, – деп жазды продюсер. 

Сонымен қатар продюсер ұлының басына осындай іс түскенде қолдаған оқырмандарына ризашылығын білдірді. 

“Менің бір түсінгенім, кішкентайынан құласа да, тұрса да, елдің көз алдында өсіп келе жатыр. Халыққа өз бауыры мен ұлдарындай болып кетеді екен. Жеккөріп тұрса да, жүрегінің түбінде жақсы көріп тұратындарды байқадым. Көзден жас құлап барады, жүрегім жылап барады. Әттеген-ай, ештеңе айта алмаймын. Әлеуметтік желіде “Қайрат Нұртас досынан кешірім сұрады” деген өсек тарап жатыр екен. Сенбеңіздер! Осындай алаяқтарға еріп, қаншама адам өсек өрбітеді. Қайратты қолдаған халыққа шын жүрегімнен алғыс айтамын”, – деді Гүлзира Үсенқызы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу