"Аяқтан шалуды көздеген қара ниеттілерді Алла кешірсін": Жанқош Тұрар мәлімдеме жасады

466

Спортшының жолын кеспек болғандар кімдер?

"Аяқтан шалуды көздеген қара ниеттілерді Алла кешірсін": Жанқош Тұрар мәлімдеме жасады Фото: Жеке парақшасынан

Жарақатына байланысты үздік боксшылардың бірімен жекпе-жегі өтпей қалған Жанқош Тұраров басынан өтіп жатқан дау-дамай мен спорттық мансабына қатысты желіде жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бір кардта өнер көрсетуі керек болған Жанқош Тұраров басында түскен сынаққа сынбауы халықтың да әсері бар екенін жария етті.

"Сіздердің баталарыңыз бен қолдауларыңыздың арқасында көз алдарыңызда өсіп-өніп келе жатырмын халқым. Қандай жағдайлар болып жатса да, ыстық ықыластарыңызды білдіріп, дәлелсіз қаңқу сөздерге сынып кетпеуіме себепшісіздер. Аққа - Құдай жақ! Аяқтан шалуды көздеген қара ниеттілерді Алла кешірсін! Әр сынақтың артында бір хайыр бар, ер жігіттің басына не келіп, не кетпес. Әлі талай жеңістерді бірге тойлауға жазсын", – деді боксшы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу