Сонымен қатар ол келтірілген материалдық шығынды толық өтеуге міндеттелді. Полицияның мәліметінше, оқиға туралы хабарлама қалалық автобустардың бірінен түскен.
Тексеру барысында тәртіп бұзған 44 жастағы ер адамның жеке басы анықталды. Белгілі болғандай, автобус жолаушы түсуі тиіс аялдамаға тоқтамай өтіп кеткен. Осыған наразы болған азамат жүргізушімен сөзге келіп, ашуға булығып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті жұдырығымен ұрып сындырған.
Аталған әрекеті үшін ер адамға ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жаза қолданылды. Сот оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, келтірілген материалдық шығынды өтеуді міндеттеді.
Полиция қоғамдық орындардағы кез келген даулы жағдайды заң аясында шешуге шақырып, агрессия таныту, мүлікті бүлдіру және қоғамдық тәртіпті бұзу заңмен жауапкершілікке әкелетінін еске салды.