Аян Байғазы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

706

Қазақстандық дзюдошы Аян Байғазы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Аян Байғазы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Бұл күндері Италияның Ольбия қаласында дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ұлдар арасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан құрамасының мүшесі Аян Байғазы жұбаныш финалына жолдама алды. Ол жұбаныш белдесуінде франциялық Эмир Жанфоуиды иппон ұпайымен жеңді. 

Айта кетерлігі, Аян Байғазы ширек финалға дейін Моңғолия және Бельгия спортшыларынан басым түсті. Алайда әлем біріншілігінің жартылай финалының жолдамасын сарапқа саларда Георгий Шерзадишвилиден ұтылып, жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу