Аян Бейсенбаев Америка құрлық кубогінің күміс жүлдегері атанды

562

Тағы бір қазақстандық триатлоншы Мейірлан Ысқақов 7-ші, жастар құрамасының мүшесі Темірлан Теміров 20-шы орында. 

Аян Бейсенбаев Америка құрлық кубогінің күміс жүлдегері атанды

Триатлоншы Аян Бейсенбаев Америка құрлық кубогінің күміс жүлдегері атанды, деп жазады Olympic.kz. 

Кубаның Гавана қаласында өткен жарыста Бейсенбаев Elite категориясы бойынша сынға түсті. Ол стандартты қашықтықты 1 сағат 52 минут 2 секундта жүріп өтіп, жеңімпаздан 1 минутқа артта қалды. 

Бірінші орында 1 сағат 50 минут 50 секунд көрсеткішімен америкалық Колин Шартье иеленсе, үздік үштікті жапондық Гента Учида қорытындылады. 

Тағы бір қазақстандық триатлоншы Мейірлан Ысқақов 7-ші, жастар құрамасының мүшесі Темірлан Теміров 20-шы орында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу