Аян Бейсенбаев дуатлоннан Бахрейінде өткен Азия чемпионатында топ жарды

667

Триатлоннан Қазақстан командасының мүшесі Аян Бейсенбаев дуатлоннан Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Аян Бейсенбаев дуатлоннан Бахрейінде өткен Азия чемпионатында топ жарды

Бахрейн астанасында өткен дуатлоннан құрлық додасына Австралия, Бахрейн, Иордания, Қазақстан, Нидерланд, БАӘ және Филиппин спортшылары қатысты. 

Қазақстан атынан Аян Бейсенбаев, Мейірлан Ысқақов және Темірлан Теміров бақ сынаған болатын. Қатысушылар 10 шақырымға жүгіруден, 40 шақырымға велосипедпен жарысу және тағы 5 шақырымға жүгіруден өзара мықтыларды анықтады. 

Ерлер арасындағы бәсекеде ақмолалық Аян Бейсенбаев жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Екінші орында австралиялы Самуель Майлхэм, үшінші сатыда нидерландтық Томас Кремерс. 

Айта кетелік, Темірлан Теміров 8-ші, Мейірлан Ысқақов 10-орынға табан тіреген. ⠀

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу