Жас альпинистер балаларды креативті тәсілмен қуантты. Аяз ата болып киінген клуб тәрбиеленушісі шатырдан түсіп, палатаның терезесінен кіріп, балаларды таң қалдырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Емдеу мекемесінің қабырғасында Жаңа жылды қарсы алатын балаларды құттықтау идеясы 2017 жылы басталған болатын. Содан бері алғашы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бақытжан Перімбетовтың басшылығымен және Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен жас альпинистер мұны жыл сайын жасап келеді.
Бұл жолы қысқы ғажайыпты жасаған 110 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Пархат Зиинкал болды. Алматы тауының талай шыңдарын бағындырып жүрген Пархат пен оның взводының альпинизммен айналысқанына бірінші жыл.
Әскери-патриоттық клубтың мүшелері балаларға сыйлықтарын таратты, олар да өз кезегінде өлеңдерін, әндерін айтып берді.
Мерекені ауруханада қарсы алуға мәжбүр болған балалар клуб тәрбиеленушілерінің арқасында Жаңа жыл ғажайыбын тамаша көңіл-күймен сезінді.