Бұлтты және желкем ауа райы орнайды.
Еліміздің солтүстігінде желдің екпіні — 23-28, кей уақытта 30 м/с дейін күшейеді.
Жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік аймақтарда қалың қар жауып, бұрқасын соғады.
Сонымен қатар циклон ауа температурасына қысқа мерзімді жылыну әкеледі. Ол аз уақытта аязға алмасып, күн күрт суытады.
Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында 10 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 12-20 градус аязға дейін төмендейді.
Республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу