Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына Солтүстік және Оңтүстік циклондар әсер етеді.
14-15 желтоқсанда жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды. 16 желтоқсанда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қалың қар жауады.
Республика бойынша көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде республиканың солтүстік-батысында -10...-18 градусқа дейін, солтүстік пен орталықта -15...-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста -15...-25 градусқа дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстігінде -10...-17 градусқа дейін, таулы аймақтарда -20...-27 градусқа дейін аяз болады.