Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ болады. Елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалы қар жауады.
13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжануда. Тек 14 қарашада елдің батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Батыс облыстарында ауа температурасының түнде 0, -11 градустан 8, -3 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығындағы өңірлерде түнде 8-18-градустан 3-15 градус аязға дейін, күндіз 5-12-градустан 0-8 градус аязға дейін болады.
Республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасы түнде 10, -25 градус аязға дейін, күндіз 5, -16 градус болады. 14 қарашада түнде 7, -20 градус аязға дейін, күндіз градус 2, -13 аязға дейін болады.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады.