Аяз, тұман, көктайғақ: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

410

Ел аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Аяз, тұман, көктайғақ: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады Фото: inbusiness.kz

Синоптиктер 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін Қазақстанның басым бөлігі әлі де атлантикалық циклон ықпалында болатындықтан, жауын-шашынсыз аязды ауа райы болады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында. 

Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. 

Жауын-шашын, көбінесе қар түрінде өтеді, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. 

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. 

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 13-15 градус аяз болвды.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 3-5 градус аяз болуы мүмкін.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу