Аязды күні күні көлікті қалай жылыту керек

1233

Аязды күні күні көлікті қалай жылыту керек

Көлік жүргізушілер аязды күні нені естен шығармау керектігін ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз-хатшысы Ирина Лукьянина айтып берді деп хабарлайды.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз-хатшысы Ирина Лукьянина өзінің Facebook-тағы парақшасында көлік жүргізушілеріне аязды күні көлікті жылыту ережесі туралы еске салып өтті.

 "Тіпті, Сіз көліктің қозғалтқышын жеткілікті жылытсаңыз да, машинада жылытуды қажет ететін басқа да көптеген элементтердің бар екенін естен шығармаған жөн. Бұл жерде амортизатор,  беріліс қорабын, аспасы мен тежегішті сөз етіп отырмыз", – деп жазды Ирина Лукьянина.

Сонымен қатар ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы газ педалін қатты басудан сақ болып, баяу жүру керек екенін айтты.

Ол амортизатор, қорапша мен белдік, әдетте, тегіс жолмен 2-3 шақырым жүргенде ғана қолайлы  деңгейге дейін жылыйтынын еске салып кетті. Қалада бұл жолға байланысты.

"Казгидромет" мамандары алдағы үш күнде қатты аяз күшейе түсетінін айтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу