Аязға байланысты Ақмола облысында полицейлер күшейтілген режимге көшті

437

Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды.  

Аязға байланысты Ақмола облысында полицейлер күшейтілген режимге көшті Фото: polisia.kz

15 ақпанында сағат температураның -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттарында дизель отынымен жұмыс істейтін іштен жанатын қозғалтқышы бар көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды. Басшылық адамдарды тасымалдаумен айналысатын компанияларға мұндай ауа-райында қозғалу қауіпті екенін ескеруді тапсырды.

"Қыста қала маңындағы автомобиль жолына шықпас бұрын, маршрутты алдын-ала жоспарлау қажет. Сондай-ақ жүргізушілерден ауа-райы қолайлы болғанға дейін алыс аймақтарға шығуды шектеуді сұраймыз", - деп атап өтті облыстық ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Аслан Қызбикенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу