Аязға байланысты бірнеше өңірдің оқушылары қашықтан оқиды

277

Сондай-ақ колледждердің 1-2-курс студенттері қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аязға байланысты бірнеше өңірдің оқушылары қашықтан оқиды Фото: blog.adobe.com

Қарағанды қаласының білім бөлімі бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысым 0-4 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқуға көшірілетінін хабарлады.

Сондай-ақ Көкшетау қаласының білім бөлімі де бірінші ауысымның оқушылары онлайн оқитынын мәлім етті. 

Павлодар облысында да, ауа райының қолайсыздығына (аяз) байланысты 24 ақпанда Павлодар облысында І ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1-2-курс студенттері (9-сынып база негізінде) қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бүгін аяз күшейгеніне байланысты Астанада да бірінші ауысымда оқитын оқушылар онлайн оқуға көшірілді.

– 2026 жылғы 24 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар ертең Солтүстік Қазақстан облысында минус 30 градусқа дейін қатты аяз болады. Сондықтан 1-11 (кейбір жағдайда 12) сынып оқушыларына сабақ болмайды, яғни оқушылар онлайн форматта білім алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу