– Семей қаласының мектептерінде 2025 жылғы 22 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз) байланысты 1-ауысымда оқитын 1-4-сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылады, – делінген білім бөлімінің хабарламасында.
Ал бүгін Шығыс Қазақстан облысының Алтай аймағында ауа температурасының -28 тен -36 градусқа дейін төмендеуіне байланысты мектептердегі 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4-сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.
Қостанай облысының Қарасу ауданында ауа температурасы -18 жетіп, желдің күшеюіне байланысты өңірдегі 14 мектептің 1-11-сынып оқушылары қашықтан оқитын болды.
Ал Жангелді ауданында бірінші ауысымда оқитын бірінші сыныптың оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.