Қала тұрғындары ауа райының қолайсыздығына орай өзара көмек көрсету акциясын жалғастыруда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
"Құрметті автокөлік иелері! Ауа райының қолайсыздығына байланысты "Нұржол" желекжолындағы тұрақ бүгін, 8 ақпанда тегін", – делінген "Астананың көлік тұрағы кеңістігі" ЖШС-ның хабарламасында.
Астанада апта бойы қатты аяздың беті қайтпай тұр. Мектептерде сабақ тоқтатылып, кәсіпорын басшыларына қызметкерлерді жұмыстан ерте босату ұсынылды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        