"Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталды. Басты сот талқылауы 9 қарашаға белгіленген. Процесс жабық режимде өтеді. Алдын ала тыңдауда сотталушы істің алқабилердің қатысуымен қаралу құқығынан бас тартты. Заң талабына сәйкес істі судья жеке дара қарайтын болады", – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы бойжеткен жұмыстан шығып, үйіне оралмаған болатын. Кейін Аяжан Еділованың денесі табылды. Іздеу жұмысы кезінде қыздың сол күні әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесуді жоспарлағаны анықталды.