"Аю" сатамын деп ақшасынан айырылды

909

Шымкенттік тұрғынның шотындағы ақшасын интернет-алаяқ иемденіп кетті.

"Аю" сатамын деп ақшасынан айырылды

Шымкентте тұрғын "аю сатамын" деп шотындағы ақшасынан айрылған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ге сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының "102" телефонына 42 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, алаяқтың арбауына түскенін айтып, арызданған.

Тұрғынның айтуынша ол OLX сайтына ойыншық сататыны туралы жарнама берген. Белгісіз біреу ұялы телефонына қоңырау шалып, сатып алуға ниет білдірген. Ақшасын сатушының банктегі шотына жібермек болып, шот нөмірін біліп алған. Осылайша арызданушының ақшасын үптеп кеткен.

Қаратау аудандық Полиция басқармасының Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, банктер, құқық қорғау орындары еш уақытта телефонмен хабарласып немесе мессенджермен жазып, логин, пароль секілді құпия мәліметтерді сұрамайды. Тіптен, қажет болған жағдайда, банк қызметкері хабарласып, бар мәселені нақтылау үшін бөлімшеге келуін өтінуі мүмкін.

Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарға алаяқтың құрбаны болмас үшін жеке басыңызға қатысты мәліметтерді телефон арқылы айтуға, интернет желісі арқылы ешкімге жарияламауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу