Аюсай шатқалында ата-анасынан адасып қалған қыз табылды

338

Құтқарушылар баланы анасына тапсырды.  

Аюсай шатқалында ата-анасынан адасып қалған қыз табылды Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының тауларындағы Аюсай шатқалында 2019 жылы туған қыз ата-анасынан адасып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таулы аймақты патрульдеу кезінде ТЖД құтқарушылары баланы тауып алды. Осы уақытта қыздың ата-анасы оның жанында жоқ екенін байқап, "112" қызметіне хабарласқан.

Құтқарушылар қызды анасына аман-есен тапсырды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу