Аз қамтылған отбасылардан тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

1581

Өтініштер осы жылдың 17-31 шілде аралығында қабылданады.

Аз қамтылған отбасылардан тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Елордалық тұрғын-үй қоры "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасыларды тұрғын үй сатып алу үшін несиелеу бойынша өтініштер қабылдауды бастады. Олар тамыз айына дейін тіркеледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтында хабарланды.

Еске салайын, аталған бағдарламаға көпбалалы әрі толық емес отбасы, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған жандар санатында кезекте тұрғандар қатыса алады. Бұл ретте отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы 42 мың 500 теңгеден аспауға тиіс.

Несиелеудің шекті сомасы – 15 млн теңге. Мерзімі 20 жылға дейін, бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10% мөлшерінде. Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады.

Өтініштер осы жылдың 17 шілдесінен 31-не дейін қабылданады. Толық ақпарат @zhilfond_nursultan инстаграм паракшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу