Аз қамтылған отбасыларды қолдаудың жаңа бағдарламасы іске қосылады

1653

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Ахметжан Есімов игі шаралар биыл да жалғасын табады дейді.

Аз қамтылған отбасыларды қолдаудың жаңа бағдарламасы іске қосылады

"Самұрық-Қазына" аз қамтылған отбасыларды қолдаудың жаңа бағдарламасын іске қоспақ. Әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімовтың сөзінше, өткен жылы да игі шаралар атқарылды. Атап айтқанда, үш оңалту орталығы тұрғызылып, онда жағдайы төмен отбасыдан шыққан 1627 бала емделіп шықты. 1830 жеткіншіктің демалысын ұйымдастыру мақсатында лагерьлер мен клуб маңында спорттық алаңдар салынды. Сондай-ақ, өткен жылы шалғай жатқан ауыл-аймақтағы тұрғындарға жоғары білікті медициналық көмек көрсету үшін, пойыз қозғалысы ұйымдастырылды. 23 мыңнан астам жасөспірімнің оқуы және кәсіптік шаралары қаржыландырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу