Аз қамтылған отбасыларға коммуналдық өтемақы төлеу қалай жүзеге асыралады?

Аталған мәселе жан-жақты пысықталды. 

Аз қамтылған отбасыларға коммуналдық өтемақы төлеу қалай жүзеге асыралады? Фото: www.uralskweek.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін    тұрғын үй көмегі берілуде", – деді Үкімет басшысы.

Ол коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстар отбасының ай сайынғы орташа жиынтық табысының 10%-дан асып кеткен жағдайда    төленеді.

"Қазір    орталық және жергілікті атқарушы органдар    коммуналдық секторда    ауқымды жұмыстар жүргізуде.  Бірде-бір өңір    жылыту маусымында    апаттарға жол бермеуі тиіс. Әсіресе, бұл құрылыс маусымы қысқа    және жылыту маусымы ерте басталатын солтүстік облыстар үшін өзекті. Жөндеу жұмыстары    нақты бекітілген кестелерге сәйкес    жүргізілуі тиіс", – деді Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу