Қазіргі таңда олар Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының штабы орналасқан Эль-Аюн қаласына келіп жетті, деп жазады inbusiness.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Алдағы уақытта қазақ офицерлері өздеріне тиісті аймақта жергілікті жерді патрульдеу шарасын жүргізіп, миссия басшылығына есеп беретін болады.
Үміткерлер бір жылға созылатын жауапты міндеттің алдында Қарулы күштер шеңберінде тиісті іріктеу мен медициналық комиссиядан өтіп, тест тапсырды. Сондай-ақ Асқар Мұхамедрысұлы мен майор Бақтияр Батталов Африка құрлығына жіберілгенге дейін БҰҰ-ның әскери байқаушылары мен штабтық офицерлер курсын шетелде аяқтаған.
Биыл көктемде Батыс Сахараға Қазақстан Қарулы күштерінің 4 офицері қызмет атқаруға жіберілген. Жалпы 2014 жылдан бері БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы бітімгерлік миссиясына отыздан астам қазақстандық әскери қызметші қатысқан.