Аза тұту күні: Астанада елшіліктер туларын түсірді

Алапат жалынмен күресте 14 отандасымыз көз жұмды. 

Аза тұту күні: Астанада елшіліктер туларын түсірді Фото: Алматы ақшамы

Абай облысындағы алапат орман өртінен 14 қазақстандық көз жұмып, тағы біріне іздеу жарияланды. 

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Семейде орманшылардың отбасы мүшелерімен және жақындарымен кездесіп, 12 маусымды елімізде жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. 

Сондықтан бүгін мемлекеттік тулар жартылай түсіріліп, бұқаралық-мәдени іс-шаралар тоқтатылады. Осы орайда Астанадағы кейбір мемлекеттердің елшілігі Қазақстанмен ынтымақтастықтың белгісі ретінде туларын жартылай түсірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу