Қазақ-қырғыз шекарасындағы ауылда жарық тарифі қайта қаралмақ

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Жауғаш батыр елді мекеніндегі тариф құны қайта қаралатын болды. Электр энергиясы үшін доллармен есеп айырысатын ауыл тұрғындарының мәселесі шешілмек.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы ауылда жарық тарифі қайта қаралмақ

Қырғыз-қазақ шекарасында орналасқан елді мекенде 70 шақты тұрғын бар. Олар жарықтың 1 кВт үшін 90-100 теңге аралығында ақы төлеп келген. Ендігі өзгерістен соң тариф төлемі 24 теңгеге дейін төмендетілмек, деп хабарлайды Atameken Business.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, тоқ желілерін жергілікті биліктің балансына өткізу мәселесі қаралып жатыр. Ал ауыл жұрты жарықты 2017 жылдан бері қос ел арасындағы келісімшарт негізінде қырғыз елінен алып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу