Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында бірқатар жаңа жоба жүзеге асырылады

548

Бұл туралы inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында бірқатар жаңа жоба жүзеге асырылады Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк, өңір әкімдіктері, "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек" холдингтері және басқа да ұйым басшыларының қатысуымен экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.

Өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы жаңа жобаларды іске асыру, машина жасауда локализациялауды кеңейту және қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейін 78%-дан 89%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін 24 кәріздік тазарту құрылысын салу жоспарлары қарастырылды.

Сонымен қатар "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ қызметінің мәселелері, "KEGOC" АҚ акцияларының бір бөлігін SPO арқылы бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ 10 коммуналдық меншік ұйымын Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарынан алып тастау мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу