Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының командирі Игорь Кшнякин, ұшқыш Александр Кальянинов және бортсерік Хокума Әлиеваға "Ұлт қаһарманы" атағы берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл атақ төтенше жағдайда адамдарды құтқаруға үлес қосқаны үшін беріледі.
Марқұмдарды соңғы сапарына аттандыру рәсімі Бакудегі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында өтті.
Оған ел Президенті Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева, марқұмдардың туыстары мен жақындары, ресми тұлғалар мен қоғамдық өкілдер қатысты.
Ұлт қаһармандарымен қоштасу рәсіміне халық та көп жиналды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу