AZAL ұшағындағы оттегі баллонының жарылғаны туралы ақпарат әуе компаниясының рейс директорынан сағат 10.53-те түскен. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Ростов ұшу басқарушысы Ақтау мұнарасының борт директорына ұшақтағы жолаушылар салонында оттегі баллоны жарылып, жолаушылар есінен танып жатқаны туралы қосымша ақпарат беріп, ұшақ қонғанша реанимация дайындауын сұраған. Осы ақпарат негізінде барлық құтқару қызметі шұғыл хабарланды, – делінген ресми хабарламада.
Брифингте рейс директоры Ростов хабарламалары негізінде оқиғалар хронологиясын жариялаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу